Бейжің олимпиадасына барғандардан коронавирус анықталды

Қытайда соңғы екі аптада Олимпиадаға келген 72 шетелдік азаматтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың 39-ынан вирус Бейжің әуежайында ПТР-тест тапсыру кезінде тіркелген. Ал қалған 33 шетелдіктен ковид күнделікті тексеру кезінде шығыпты. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың бәрі спорттық құрамалардың өкілдері. Ал спортшылар арасында әзірге коронавирусты жұқтыру дерегі тіркеле қоймаған. Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындары ақпанның 4 мен 20 аралығында өтеді. Жергілікті билік халықаралық жарыс кезінде коронавирустың таралуын болдырмас үшін қатаң шаралар қабылдауға дайын екенін хабарлаған.