Бейжіңде Олимпиадалық ауылдар өз жұмысын бастады

Бейжіңде олимпиадалық ауылдар жұмысын бастап, шетелдік делегацияларды қабылдай бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Олимпиадалық ауылдың ресми түрде ашылуы 27 қаңтарда жоспарланған. Әлемдік споршылардың негізгі бөлігі сол кезде қоныстана бастайды. 

Олимпиадалық ауылға алғаш болып 20 мемлекеттің өкілдері қоныстанды. Олардың қатарында Қытай, Канада, Австралия, АҚШ және тағы басқа елдердің делегациялары бар. 

Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасы үш негізгі кластерде өтеді. Ойынның ашылу салтанаты 4 ақпанға жоспарланған.