Ақтаулық спортшы әлемнің жаңа рекордын орнатты

Ақтаулық спортшы Ильдар Ягъяев белтемірге тартылудан жаңа рекорд орнатты.

Күні кеше Финляндия астанасы Хельсинки қаласында стрит-лифтингтен әлем чемпионаты өткені мәлім. Ильдар 70 келі салмақта өнер көрсетіп, чемпиондық мәртебесін сәтті қорғап шықты. Ол жарыс кезінде беліне ілінген 96,5 келі темірмен бірге тартылды. Бұл чемпионатқа 6 салмақ бойынша 20 мемлекеттен 200-ден астам атлет қатысқан.

Еуропаның жеті дүркін чемпионы Ильдар Ягъяев Маңғыстау облысы бойынша стритлифтиг және воркаут федерациясын басқарады.