Қазақстан құрамасы жаңартылған әлемдік рейтингте қай орында орналасқан?

Futsal World Ranking порталы әлемнің ең үздік футзал командаларының рейтингіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылдың 24 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан құрамасы онда жетінші орында - 1566 ұпай. Желтоқсандағы рейтинг кестесімен салыстырғанда қазақстандықтар бір позиция төмендеп, 1580 ұпаймен алтыншы орында тұрған Иранды алға шығарды.

Әлемдегі ең үздік құрама:
1. Испания — 1793 очков
2. Бразилия — 1780
3. Аргентина — 1741
4. Португалия — 1697
5. Ресей — 1681
6. Иран — 1580
7. Қазақстан — 1566
8. Хорватия — 1504
9-10. Парагвай — 1482
9-10. Италия — 1482. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Финляндия құрамасымен кездеседі. Өкінішке қарай, матчқа екі маңызды ойыншы қатыса алмайды.