460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Бертіс» хоккей клубы Балқаш көлінде дайындалуға мәжбүр

  • 164
  • UPD: 20:14, 25.01.2022
«Бертіс» хоккей клубы Балқаш көлінде дайындалуға мәжбүр

Балқаш қаласындағы хоккей клубының ойыншылары айдын көлдің бетінде жаттығып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі стадион басқа адамға жалға берілген. Хоккейшілер көл беті толық қатпағандықтан суға түсіп кетеміз бе деп қорқа-қорқа дайындық жасайтын көрінеді. Бұл туралы олар әлеуметтік желіге жазған. Жергілікті спорт бөлімі ауа-райы мен төтенше жағдайды алға тартады. Сол кезде мұз айдынын құю мүмкін болмаған. Олқылық жақын арада реттелетін көрінеді.

Нұрбек Дәлелбек, Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі әдіскері:

– Тиімді басқарушыға мұз жабындысын қысқа мерзімде ретке келтіру және жаппай сырғанау мен хоккей жабындылары үшін жағдай жасау тапсырылды. Соның ішінде жұмыс кестесі мен жаттығу уақытын қамтамасыз ету ұсынылды. Сенімді басқарушы тарапынан кортты пайдалануға ешқандай кедергі болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы