Бейжің 2022: Қазақстандық делегацияға қазынадан 228 млн теңге бөлінген

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан жүзге жуық адам барады. Оның ішінде ұлттық құраманың 34 спортшысы, штабтың 14 қызметкері, ғылыми кешен мамандары мен дәрігерлерден құралған 10 адам бар.

Спортшыларымыздың ең жасы 16-да, үлкені 35-те. Қазақстандық делегацияға қазынадан 228 млн теңге бөлінген. Бірақ ұйымдастырушылар талабына сай, делегаттар саны қысқаруы мүмкін. Тиісінше шығын да азаяды. Ал құраманың оқу-жаттығуы мен дайындығына 400 млн теңге шамасында қаржы жұмсалған. Қазақстан қоржынында жалпы саны 78 лицензия бар. Ұлттық құрама эпидахуалға байланысты Алматы мен елордада жабық жағдайда жаттығып жатыр.