26 қаңтардан бастап Нидерланд үкіметі көрермендерге бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде спортқа, атап айтқанда осы елде өтіп жатқан футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатына кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы бір күн бұрын өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Осылайша, жанкүйерлер плей-офф кезеңімен қатар топтық кезеңнің ақтық матчтарын да тамашалай алады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы турда Италияны жеңіп немесе тең түссе, плей-оффқа жолдама алады.
