Олимпиаданың ашылу салтанатында ту ұстайтын спортшылар костюмінің тизері ұсынылды

Олимпиаданың ашылу салтанатында ту ұстайтын спортшылар костюмінің тизері ұсынылды
olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми аккаунтарында Бейжің Олимпиадасында ту ұстайтын спортшылардың костюмдеріне арналған ролик жарияланды деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Әрбір детальда Отанымыздың бір бөлшегі жатыр. Бейжің Олимпиадасындағы ту ұстаушыларымыздың костюмі - нағыз өнер туындысы! Әрбір элементті шеберлер қолмен істеді», - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетелік, Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алып шығады. 

Олимпиаданың ашылу салтанаты 4 ақпанға жоспарланған.