Қазақстандықтар қысқы Олимпиада тарихында қанша медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар қысқы Олимпиада тарихында қанша медаль жеңіп алды
Inform.kz

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тарихымызда бұдан да аз спортшы тек 1994 жылғы Олимпиадада болған – 29 адам. Бірақ сол Олимпиада ел тарихындағы ең табыстысы саналады. Үш медаль иеленіп, командалық есепте 12-орын алған едік. Сол Олимпиададан бері ешқайсында алтын медаль еншілей алмадық. Мұның бәрі шаңғышы Владимир Смирновтың арқасында. Ол 1994 жылы алдымен екі рет күміс медаль алып, кейін марафонда жеңіске жеткен еді.

Төрт жылдан кейін Смирнов ізге түсу жарысында қола медаль алған. Сол 1998 жылы Наганода конькимен жүгіру спортынан жалғыз медаліміз қоржынға түскен, оны Людмила Прокашева 5000 метрге жүгіруден алған. 

2002 және 2006 жылы қазақстандық спортшылар Олимпиададан жүлдесіз оралды. 

Ал 2010 жылы Ванкуверде биатлоншы Елена Хрусталева жекелей жарыста күміс медаль еншіледі.

Төрт жылдан кейін Сочиде Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан алғашқы қола медальді сыйлады.

Кейін 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасында Юлия Галышева могулдан қола медаль иеленген. 

Осылайша, Қазақстан өз тарихында жеті қысқы Олимпиадаға қатысып, 8 (алтын, 3 күміс және 4 қола) медаль алған.