Футзал: Қазақстан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Футзал: Қазақстан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатындағы үшінші кездесуін өткізді.

Топтық кезеңдегі соңғы қарсыласымыз Италия құрамасы болды. Екі турдан кейін қазақстандықтар В тобында көш бастап тұрды.

Италияға қарсы матчта Қазақтан есепті ашып, матч соңына дейін басымдықты бермеді. Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне топтан бірінші орынмен шықты.

Еуропа чемпионаты. В тобы. 3-тур

Қазақтан — Италия 4:1 (2:1) 

Голдар: Оразов 6 (1:0), Валиуллин 9 (2:0), Николоди 13 (2:1), Оразов 30 (3:1), Дуглас 38 (4:1).