Қазақстандық теннисші Australian Open финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Australian Open финалында жеңіліп қалды
Tengrinews.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып, Australian Open-2022 чемпионатының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге финалда әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен шеберлік байқасты. Олар үш сетте жеңіліп қалды - 7:6 (7:3), 4:6, 4:6. Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 42 минутқа созылды.

Сәтсіздікке қарамастан, Данилина Australian Open-2022 чемпионатында өнер көрсеткен уақытта жұптық разрядтың әлемдік рейтингінде жоғарылап, Елена Рыбакинадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.