Бағдат Жұбаныш үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық файтер Бағдат Жұбаныш ММА-ден әлем чемпионы атанды.

Ол Абу-Дабидегі әлем чемпионатында 52,2 келі салмақта алтын жүлдені иемденді. Финалда ресейлік қарсыласы Фарход Рахмоналиевті жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Жұбаныш 2018 және 2019 жылдары әлем чемпионатын жеңіп алған еді.