loader

Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан эстафетада 11-ші орын алды

Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан эстафетада 11-ші орын алды

Германияның Арбер қаласында өтіп жатқан биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында екі эстафеталық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бір адамдық аралас эстафетада Қазақстан 11-ші орыннан көрінді. Бұл сында Ресей, Франция және Германия өзара жүлде бөлісті. 

Ал аралас командалық эстафетада Норвегия топ жарды. Германия екінші, Швейцария үшінші сатыда. 

Қазақстандық биатлоншылар бұл жарысты 15-ші орынмен тәмамдады. 

Сондай-ақ...