Бейжің Олимпиадасында алғаш рет ковид-офицер қызмет атқарады

Бейжің Олимпиадасында алғаш рет ковид-офицер қызмет атқарады

Ақ Олимпиаданың басталуына бес күн қалды. Әлемнің үздіктері бақ сынайтын байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы да дін аман жетті.

Олар қысқы ойындар өтетін үш қалаға бөлініп орналасқан. Алдыңғы легі кестеге сәйкес жарыс өтетін алаңдарда жаттығуға кірісіп кетті. Ұйымдастырушылардың талабы бойынша қыз-жігіттер күн сайын ПТР-тест тапсырады. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін дәрігерлерге қоса алғаш рет ковид-офицер берілген. Ал спортшылардың емін-еркін серуендеуіне рұқсат жоқ. Арнайы қосымша арқылы олардың қайда жүргені онлайн режимде бақыланады.

Айта кетейік, биылғы ақ Олимпиадаға ел құрамасы 8 спорттың түрі бойынша 87 лицензия жеңіп алды.

Айгүл Бектенова, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Делегация құрамында негізі жалпы саны 103. Олардың ішінде 34 спортшы. 39 жаттықтырушылар, дәрігерлер, массажистар. Одан кейін барып сегіз ресми өкіл. Үш жерде өтетіндіктен штабта жұмыс істейтін адамдар онға жуық.