WTA рейтингі: Анна Данилина 25-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) және кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Австралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілді. Жекелей сында Елена Рыбакина - 12-інші, Юлия Путинцева 42-орнында қалса, Зарина Дияс 118-сатыға сырғыды.

Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин де 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді. Денис Евсеев - 351-інші, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді. Жұптық сында Андрей Голубев - 30-ыншы, Александр Недовесов 67-орында тұр.