476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуро-2022: Қазақстан – Украина матчына төрешілер тағайындалды

  • 184
  • UPD: 21:03, 31.01.2022
Еуро-2022: Қазақстан – Украина матчына төрешілер тағайындалды Prosports.kz.

Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында өтетін Қазақстан – Украина матчының төрешілер тобы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің бас төрешісі болып испаниялық Хуан Галлардо тағайындалды. Оған отандасы Алехандро Мартинес Флорес көмектеседі. Төртінші төреші – испанииялық Давид Урданос Апестегия. Хронометрист – Григорий Ошомков (Эстония).

Айта кетейік, Қазақстан мен Украина арасындағы ойын Амстердамда (Нидерланды) өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы