WADA Бейжіңдегі ойындарға арналған баспасөз конференциясын өткізеді

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ДДҚА) 2022 жылғы Олимпиада ойындарына байланысты баспасөз конференциясын өткізетіні туралы жариялады.

Ұйымның хабарламасында:

«WADA БАҚ өкілдерін 2022 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада және Паралимпиада алдындағы баспасөз конференциясына шақырады, бұл БАҚ өкілдерін Агенттіктің ойындарға байланысты атқарып жатқан жұмысымен таныстыру үшін ұйымдастырылған.

WADA Президенті Витольд Банка, вице-президент Ян Ян, Бас директор Оливье Ниггли және WADA тәуелсіз бақылаушылар тобының төрағасы Хитеш Пател журналистер сұрақтарына жауап береді.

Күні: сәрсенбі, 2 ақпан 

Уақыты: 10:00 (CST)

Өткізу орны:

Баспасөз конференцияларының негізгі залы, Пекин Олимпиадасының бас медиа орталығы (MMC)» делінген.