Недовесов Монпельедегі турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге Монпельеде өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов пен Куреши алғашқы айналымда А.Бублик (Қазақстан)/М.Макдональд (АҚШ) жұбын жеңді. 

1 сағат 14 минутқа созылған кездесу 6:3, 3:6, 10:6 есебімен аяқталды.