ЕУРО 2022: Біржан Оразов үздік сұрмерген атанды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Еуропа чемпионаты ширек финалынан кейін турнирдің үздік сұрмергені атанды, деп жазады Vesti.kz

Оразовтың еншісінде жеті гол бар. Үздік үштің қатарына Ресей құрамасының екі ойыншысы - Артем Антошкин мен Иван Чишкала да енді. Олар бес голдан соққан. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің ширек финалында Украинадан 3:5 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Енді 4 ақпан күні өтетін жартылай финалдың бірінші жұбында Ресей мен Украина кездессе, екінші жұпта Португалия мен Испания ойнайды. 

Турнирдің финалы және үшінші орын үшін матч 6 ақпанда болады. 

 

Сондай-ақ...