Бейжің Олимпиадасында тағы 55 адам ковид жұқтырды

Бейжіңдегі Олимпиада қалашығында ковид жұқтырған 55 адам тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл делегациялар келгелі бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Сөйтіп науқастар саны 300-ге жуықтап қалды. Талап бойынша жарысқа қатысушылар вакцина салдырған болуы тиіс. Сондай-ақ олар Қытайға барғанға дейін бір және келген соң 2 рет ПТР-тест тапсырады. Сосын делегация мүшелері күн сайын сынақтан өтіп отырады. Тест нәтижесі оң болған бірнеше спортшы қазірдің өзінде Олимпиадаға қатысу құқығынан айырылды. Арасында ресейлік биатлонист Валерия Васнецова мен фигурист Михаил Коляда бар. Олардың орнына басқа атлеттер қатысатын болды. Ойындарды тамашалауға шетелдік жанкүйерлер мүлде қатыстырылмайды.

Брайан Макклоски, халықаралық олимпиада комитеті медициналық сарапшылар тобының басшысы:

– Тест тапсырған 287 адамның нәтижесі оң болып отыр. Жалпы 23 қаңтардан бері 610 мыңнан астам тест тапсырылған. Соңғы бір күннің өзінде 55 жаңа жағдай тіркелді. 29-ы әуежайда анықталған.