Бейжің-2022: бүгін Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді 

Бүгін күллі жаһан көз тіккен Бейжің Олимпиадасының ресми ашылу салтанатын «Хабар» арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші, Қазақстан командасының көшбаcшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькиден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова көтеріп шығады. 

Ел намысын 34 спортшы қорғайды. Бүгін сондай-ақ Тау шаңғысы, Керлинг, Мәнерлеп сырғанау, шаңғымен секіру және Шайбалы хоккейден спортшылар бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, 4 мыңдай спортшы қатысатын дүбірлі додада 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жалпы қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алған.