Бейжіңдегі Олимпиада ойындары: екінші жарыс күнінің кестесі

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары: екінші жарыс күнінің кестесі
ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Қытайда төржылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындары басталды. Ақ Олимпиада ұйымдастыру комитеті, Халықаралық олимпиада комитеті және Қытай билігінің талаптары мен ережелеріне сай өтуде.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың екінші жарыс күніндегі кестесін назарларыңызға ұсынады.

Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады.

Сондай-ақ бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді «Хабар», «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.

Шаңғымен тұғырдан секіру. Ресми жаттығу

Сергей Ткаченко, Даниил Васильев

Басталуы: 16:00