Елімізде қысқы спортты дамытудың ұлттық стратегиясы жоқ – сарапшы

Елімізде қысқы спортты дамытудың ұлттық стратегиясы жоқ – сарапшы

Ұлттық құрама сапындағы 34 спортшының 10-ы «Алатау» жоғары спорт шеберлігі, мектебінен шыққандар. Алматы облысында орналасқан мектеп директоры Ардақ Төлен-диннің айтуынша, олар олимпиадалық қысқы спорттың 6 түрінен өнер көрсетеді. Оның ішінде шорт-трек, фристайл аккро-батика, конькимен жарыс, шаңғымен секіру және шаңғы жарысы бар.

Айта кетерлігі, спортшылардың тең жарымынан астамы Ақ Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып жатыр. Ұлттық олимпиада комитеті келтіргендей, бұл құрама үшін жақсы көрсеткіш. Алайда қысқы спорт түрлерінен, олимпиадалық резерв ауқымды емес. Ардақ Төлендиннің пікірінше, қысқы спорттың дамуы, ең алдымен, қалың бұқараның қызығушылығынан басталуы тиіс. Екіншіден, қысқы спортты дамытудың, ұлттық стратегиясы жоқ. Алдағы уақытта Бейжің Олимпиадасының қорытындысы бойынша, спорт комитетінің соңғы жылдары атқарған жұмысына, талдау жүргізілмек. Сол кезде бірыңғай жоспар құрылуы, бек мүмкін.

Ардақ Төлендин, «Алатау» жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры:

– Біздің бапкерлер бір чемпион былай жаттығады, басқа чемпион былай жаттығады деп жаттығулардың сыртқы көрінісін ғана көреді. Оның ішінде не қандай жұмыстар жүріп жатқанын зерттемейді.  Елімізге шетел мамандарын шақырып, біліктілік курстарын өткізу керек деп ойлаймын. Біздің мамандарды шетелге жіберіп біліктіліктерін арттыруы керек.  Сол кезде ғана бізде жақсы мамандар, жаттықтырушылар шығар еді.