Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Мексикада өтуі мүмкін

El Paso Times, AP Sports және USA Today Sports басылымдарының шолушысы Мэттью Агилар Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі Мексикада өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін «Канелоның» жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо қыркүйек айында Мехикодағы Azteca стадионында жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан. 17 қыркүйекте GGG – «Канело» Канело трилогиясы өтуі мүмкін.

«Эдди Рейносо GGG-ді супер орта салмаққа өтіп, қыркүйекте Мексикада Альвареспен үшінші жекпе-жекті өткізуге шақырады», делінген BoxingTribeUK Twitter-парақшасында.

Агилар бұл жаңалықты оң баға беріп, оның дұрыс қадам екенін атады.

«Бұл шын болса, жақсы болар еді. Головкин бұған келіссе, Мексикада үлкен жекпе-жек өтеді», – деп жазды журналист.