Бейжіңде конькиден Ирен Схаутен топ жарды

Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 3 мың метрде голландық Ирен Схаутен бірінші келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тиісті қашықтықты 3 минут 56,93 секундта өтіп, Олимпиада рекордын орнатты. Екінші және үшінші орынды Италиялық және Канадалық спортшылар бөлісті.

Қазақстандық Надежда Морозова мәреге 13 болып келді. Ол 7 ақпанда 1500, 17 ақпанда 1 мың метрге, және 19 ақпанда масс-стартқа жүгіреді.