Бейжің-2022: Дмитрий Рейхард могулдан финалға жолдама алды

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Дмитрий Рейхард финалға өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дмитрий Рейхард аталған сында 74.90 ұпай еншілеп, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды. Тағы бір отандасымыз Павел Колмаков 69.94 ұпаймен жарыс жолынан шығып қалды.

Финал бүгін елорда уақытымен 17:30-да өтеді.

Еске сала кетейік, спорттың жеті түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысуда. Олар 87 жолдама жеңіп алды.

Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл, акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.