Бейжің-2022: Рейхерд фристайл-могулдан сегізінші орын алды

Бейжің-2022: Рейхерд фристайл-могулдан сегізінші орын алды

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Бейжің олимпиадасын сегізінші орынмен аяқтады.

Бүгін могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткен жерлесіміз үшінші айналымға дейін жетіп тоқтады. Рейхерд екінші финалда сегізінші орынға табан тіреді. бұл сында үздік алты спортшы ғана жүлде жолындағы жарысты жалғастырады. Сондықтан дмитрий Бейжің ойындарында сегізінші орынға тұрақтады. Ал Павел Колмаков іріктеу кезеңін 11 орынмен аяқтады.