Дмитрий Рейхерд: Бұл менің соңғы Олимпиадам, еш өкініш жоқ

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Дмитрий Рейхерд могулдан финалда өнер көрсетті. Ол барлығы 76.77 ұпай жинап, үшінші финалға шыға алмады.

«Жарыста 20 адамның ішінен 12-лік финалға өттім. Суперфиналдың жолдамасы үшін таластым. Дайындық та, көңіл-күй де тамаша болды. Жоғары трамплинде қиын әдісті орындадым. Барлық мүмкіндігімді таза, қатесіз өттім. Суперфиналға шығу үшін аз ғана ұпай жетпеді. Қолымнан келгенді істедім. Өкінетін ештеңе жоқ. Бұл менің бесінші Олимпиадам. Жеңіс те, жеңіліс те болды. Әр күнім спортшы ретінде өтті.

Әлі де Олимпиада қатысармын, бірақ спортшы ретінде емес. Мен үшін Олимпиада аяқталған шығар. Спортшы ретінде әлі жарыстарға қатысармын», – деді спортшы.