Бейжің-2022: Ю.Галышева екінші финалға шықты

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Бейжің олимпиадасының екінші финалына қадам басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол алғашқы шешуші кезеңде 74,97 ұпай жинады. Енді Юлия үшінші финалға берілер жолдамаға таласады. Ал өзге қазақстандық могулшы қыздар Анастасия Городко, Аяулым Әміренова және Олеся Граур жарысты аяқтады. Олар 11, 12 және 18 орындарға тұрақтады.  

Аяулым Әміренова, могулшы:

– Менің ойымнан шыққан жоқ. Білмеймін, мүмкін қатты уайымдадым ба екен? Бүгін ауа райы жақсы боп тұр. Трасса да сондай өзгерді деп айта алмаймын. Өзімнен қателік кетті.