Футзал: Португалия Еуропа чемпионатында топ жарды

Амстердамда футзалдан Еуропа чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Португалия құрамасы мен Ресей құрамасы кездесті. Бұл ойында 4:2 есебімен Португалия жеңіске жетті.

Ресей ойыншылары бірінші таймда 2:0 есебімен алға шыққан, бірақ португалиялықтар үш гол соғып, таразы басын өздеріне аудара білді. Тіпті ойын аяқталар тұста бос қақпаға төртінші голды соғып кетті.

Осылайша, Португалия құрамасы Еуропа чемпионатында топ жарды.

Айта кетейік, 3-орын үшін өткен ойында Испания құрамасы Украинаны 4:1 есебімен жеңген еді.