Теннис: Бублик сенсациялық жеңіске жетіп, рекорд жаңартты

Испанияда ең үздік шабандоздар бас қосып, өзара мықтыны анықтады. Олардың арасында «Астана» командасының спортшылары да бар. Вуэльта Валенсия жарысының нәтижесі бойынша қазақстандық клуб сапындағы Давид де ла Крус 9-шы сатыға жайғасты. Өзге спорт жаңалықтары алдағы топтамада.

Александр Бублик сенсациялық жеңіске жетіп, жеке рекордын жаңартты. Қазақстандық спортшы Франциядағы кәсіпқой теннисшілер турниріне қатысты. Іріктеу сындарынан сәтті өткен Бублик финалда әлемдік рейтингте үшінші тұрған германиялық Александр Зверевпен жолыққан. 1 сағат 9 минутқа созылған кездесуде жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 6:4, 6:3.

Айта кету керек, 24 жастағы Бублик алғаш рет кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы жарысында топ жарды. Осының арқасында әлемдік рейтингтің 31-ші сатысына көтерілді. Бұған дейін 35-ші орында боғлан. Осы арқылы Бублик жеке рекордын жаңартты және әлем үздіктерінің бірі Роджер Федерерге жақындай түсті. Соңғысы қазір 30-шы сатыда және екеуінің арасын 27 ұпай бөліп тұр.

ЕУРО-2022: ОРАЗОВ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ АТАНДЫ

Біржан Оразов ең үздік шабуылшы атанды. Нидерландыда футзалдан Еуропа чемпионаты аяқталды. Екі аптаға созылған бәсеке нәтижесінде Португалия құрамасы топ жарды. Екінші орын ресейлік командаға бұйырса, үздік үштікті Испания түйіндеді. Ал, ұлттық құрама ойыншысы Біржан Оразов чемпионаттың ең үздік шабуылшысы атанды. Ол құрлықтық дода барысында бас-аяғы 7 гол соғып, 2 рет нәтижелі пас берді. Сұрмергендер тізімінің екінші, үшінші және төртінші сатыларында ресейлік спортшылар тұр. Яғни, Артем Антошкин, Иван Чишкала және Антон Соколовтар  5 голдан соққан. Айта кетейік, Рикардо Кака баптайтын қазақсатндық жігіттер Еуропа чемпионатында 4 матч өткізіп, ширек финалға дейін жетті. Соңғы сында Украина құрамасына есе жіберді.

«БАРЫС» ПЛЕЙ-ОФФҚА ШЫҚТЫ

«Барыс» плей-оффқа шықты. Құрлықтық хоккей лигасы қалыптасқан жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Ол жерде негізгі чемпионаттың қалған ойындары өтпейтіні айтылған. Ал плей-оффқа шығатын командалар осы уақытқа дейінгі ұпай арқылы анықталады. Сәйкесінше, алдыңғы 16 команда арасында елордалық «Барыс» та бар. Ол келесі кезеңде Магнитагорск қаласының «Металлургымен» кездеседі. Қос команда арасындағы алғашқы матч 1-ші наурызда өтеді. Айта кетейік, плей-офф кезеңі 1 команданың 4 жеңісіне дейін жалғаасады. «Барыс» пен «Металлург» плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында осымен үшінші рет жолыққалы тұр. 2020 жылы қазақстандық клуб жеңіске жетсе, өткен маусымда ресейлік команданың жолы болды.