Бублик, Кукушкин және Скатов ATP рейтингінде көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Монпельеде өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін бірден төрт сатыға көтеріліп, әлемдік рейтинг кестесіндегі жеке рекордын орнатты ­– қазір ол 31-орында. Михаил Кукушкин бір сатыға, ал Тимофей Скатов пен Александр Недовесов екі сатыға көтеріліп, алдыңғы аптамен салыстырғанда позицияларын жақсартты.

ATP рейтингіндегі алғашқы топ-10-та өзгерістер болған жоқ.

ATP рейтингі. 7 ақпандағы орындары:

1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 10875

2 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 9635

3 (0). Александр Зверев (Германия) – 7865

4 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 7145

5 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 6875

6 (0). Маттео Береттини (Италия) – 5018

7 (0).Андрей Рублев (Ресей) – 4565

8 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 4065

9 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3818

10 (0). Янник Синнер (Италия) – 3495

31 (+4). Александр Бублик (Қазақстан) – 1538

165 (+1). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 393

181 (-1). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 356

234 (+2). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 265

353 (-2). Денис Евсеев (Қазақстан) – 127

551 (+1). Александр Недовесов (Қазақстан) – 57

696 (0). Бейбит Жукаев (Қазақстан) – 35

776 (0). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 27

904 (0). Достанбек Ташбулатов (Қазақстан) – 17

960 (-6). Андрей Голубев (Қазақстан) – 14.