Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шыққан Екатерина Айдова жүлдесіз қалды

Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада жалғасуда. Доданың бесінші күні конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта сынға түскен Екатерина Айдова алтыншы орынға тұрақтады.

Осылайша Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан спортшы жүлдесіз қалды.

Екатерина ресейлік Евгения Маленковамен бірге жетінші жұпта мұзға шығып, қашықтықты 1:59.01 уақытта жүгіріп шықты.

Сондай-ақ аз уақыттан соң тағы бір қазақстандық Надежда Морозова өнер көрсетеді.