Солтүстік өңірлерге спорттық кешендер салу керек – Е.Қанағатов

Бұқаралық қысқы спортты дамытпай үлкен жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері осылай дейді. Дегенмен, Бейжіндегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың алғашқы нәтижесі жаман емес. Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов шорт-тректің бірінші дистанциясында үздік бестікті түйіндеген ерлер құрамасын ерекше атап өтті. Сондай-ақ өңірлерде жабық спорт кешендерін көптеп салу керек, дейді мамандар. Алдағы уақытта бұл ұсыныс Мәдениет және спорт министрлігіне бағытталуы мүмкін.

Елсияр Қанағатов, Қазақстан ҰОК Спорт дирекциясының директоры:

- Жақсы спорттық обьектілер салынды. Бірақ ол тек екі қалада. Менің ойымша, ең керек қажетті дүние спорттық кешендер региондарда болу керек. Солтүстік облыстарда. Мысалы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай сияқты жерлерде әлде де қысқы спорт түрлері жоқ екенін білеміз. Алаудың арқасында біздің жастарымыз жақсы нәтиже көрсетіп келеді.