Бейжің-2022: Ұлттық құрама мүшелері бүгін үш түрлі сайыста бақ сынайды

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада жүлделері сарапқа салатын төртінші күні. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бүгін үш түрлі сайыста сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-де әйелдер арасында шаңғы жарысы бойынша еркін стильдегі спринт квалификациясына жеті бірдей қазақстандық қатысады. Төрт жарымда жоғарыда аталған сайыстың финалы өтеді. Сонымен қатар түскі екіде ерлер биатлоннан ақтық додаға түседі. Конькимен жүгіру спортының финалы да осы уақытқа жоспарланған.