Бейжің 2022: қазақстандық биатлоншылар қалай өнер көрсетті

Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Бұл сында Қазақстан атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Владислав Киреев ату кезінде мүлт кетпей, 25-орын иеленді.

Ал Александр Мухин атудан төрт рет қателесіп, 52-орынға табан тіреді. 

Бұл бәсекеде Олимпиада чемпионы атағын француз Кентен Фийон Майе жеңіп алды. Күміс медаль Беларусь өкілі Антон Смольскийге, қола жүлде норвегиялық Йоханнес Бенің еншісіне жазылды.