Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпандағы нәтижеміз қандай?

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының төртінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтте іріктеуден өте алмады. 

Биатлоншы Владислав Киреев бүгін жақсы өнер көрсетті. Ол жекелей жарыста үздік 25 биатлоны тізіміне енді. Сонымен қатар барлық нысананы дәл көздеген екі спортшының бірі атанды. Өкінішке қарай, ол мәреге жеңімпаздан төрт минутқа кешігіп келді. Ал Александр Мухин төрт рет мүлт кетіп, топ-50 қатарына да ене алмады. 

Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов жарысты 18-орынмен аяқтады. 

9 ақпандағы нәтижелер

Шаңғы жарысы

Жекелей спринт. Іріктеу. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріспен.
Евгений Величко – 62-орын (+19.49), Виталий Пухкало – 66-орын (+21.28) – финалға өткен жоқ

Надежда Степашкина – 51-орын (+23.53), Ангелина Шурыга – 60-орын (+26.90), Ксения Шалыгина – 67-орын (+32.52), Ирина Быкова – 68-орын (+33.67) – финалға өткен жоқ

Биатлон

20 шақырымға жекелей жарыс. Ерлер
Владислав Киреев – 25-орын (+3:41.8), Александр Мухин – 52-орын (+6:13.0)

Конькимен жүгіру спорты

1500 м. Ерлер
Дмитрий Морозов – 18-орын (1:47.01)