«Сарыарқаның» хоккейшілері екі ойында 24 гол соқты

2 ойында 24 гол соқты. Қарағандылық «Сарыарқа» ішкі біріншілік аясында ірі есеппен жеңіске жетті.

Қазақстан чемпионатының матчі Қарағанды қаласында өткен еді. Жергілікті команда өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, алғашқы ойында алаң иелері жауапсыз 13 шайба соқты. Ал оның сапындағы Александр Боресович 2 рет мергендігімен көзге түсіп, 3 рет нәтижелі пас берді. Артынша, яғни екінші күні қарымта матч ұйымдастырылып, «Сарыарқа» 11:0 есебімен жеңді. Соның арқасында қарғандылық клуб 67 ұпаймен турнир тізімінің 2-сатысына жайғасты. Топ басында көкшетаулық «Арлан». Араларын 4 ұпай ғана бөліп тұр. Бірақ қарағандылық команда 2 ойын кем өткізгенін ескеру керек. Ал үздік үштікті атыраулық «Бейбарыс» түйіндеді. Айта кетейік, негізгі чемпионат 7 наурызға дейін жалғасады. Одан кейін плей-офф кезеңі басталады.