Су спорты түрлерінен әлем чемпионатын Будапешт қабылдайды

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатын Будапешт қабылдайды
Olympic.kz

Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты Будапештте өтеді. Бұл шешімді Халықаралық су спорты түрлері федерациясы қабылдады деп жазады Olympic.kz. 

Айта кетелік, әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирусты инфекцияға байланысты турнир 2023 жылдың шілдесіне ауыстырылды. 

Сондай-ақ, халықаралық ұйым әлемдік доданы Фукуокадан Будапештке ауыстыру турашы шешім қабылдады. 

Айта кетелік, Венгрия астанасында 2017 жылғы әлемдік дода өткен болатын.