FIFA Қазақстан құрамасының ойыншысын екі жылға спорттан шеттетті

«Тобыл» футбол клубы FIFА-ның Тәртіптік комитетінен Руслан Валиуллиннің 24 айға ойыннан шеттетілгені туралы хат алды, деп хабарлайды Хабар 24 қостанайлық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ойыншыға жиырма төрт (24) ай мерзімге санкциялар қолданылды. Футболға байланысты кез келген қызметтен шеттету 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін күшінде», - делінген ФИФА тәртіптік комитетінің хатында.

Айта кетейік, қазір Руслан Валиуллин апелляция беруге ниетті.