Бейжің-2022: жүлдегерлерге жоғары сыйақы беретін елдерден Қазақстан бірінші орында

Қазақстан бірінші орында. Бейжің олимпиадасында топ жарғандарға әр елдің тағайындаған сыйақы мөлшерлері белгілі болды. Тізімді Қазақстан бастап тұр.

Бізде алтын алған спортшыға 250 мың, ал күміс пен қолаға, сәйкесінше 150 және 75 мың доллардан беріледі. Тіпті 4-ші, 5-ші және 6-шы сатыға тұрақтағандарға да сыйақы қарастырылған. Мәселен, шорт-трек шеберлері аралас эстафетатада 5-ші орын алған еді. Соған сәйкес, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және  Яна Хан 10 мың доллардан алады. Жалпы тізімде Қақстаннан кейін Әзібайжан тұр. Онда чемпионға 248 мың доллар беріледі екен. Көрші Ресейдегі көрсеткіш 61 мың, АҚШ-та 37, Германияда 22, Канадада 16 мың долларды құрайды.

Айта кетейік, бүгінге дейін жерлестеріміз жүлдеге іліккен жоқ. Ал Бейжіңдегі ойындардың өзі 20 ақпанға дейін жалғасады.  

 

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Барыстар» ел кубогында топ жарды. Бұл жетістікті сала мамандары сенсацияға балап жатыр. Өйткені, соңғы сында атыраулық баскетболшылар «Астана» командасын ұтты. Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч 66:70 есебімен аяқталды. Ал қонақтар сапындағы Рустам Өтеген ең үздік ойыншы атанды. Ол ойын барысында 24 ұпай жинады. Осылайша атырлаулық клуб өз тариында 2-ші рет ел кубогын жеңіп алды. Ал «Астана» соңғы 5 жыл бойы алдына жан салмай келген. Биыл күміс жүлде бұйырды. Елордалық клуб еншісінде бас-аяғы 9 кубок бар. Үздік үштікті Ақтөбе түйіндеп тұр. Шешуіші сында «Ақтөбе» қостанайлық «Тобылмен» жолығып, 85:66 есебімен жеңіске жетті.