Бублик алғашқы айналымнан аса алмады.
Дәл қазір Нидерландтың Роттердам қаласында кәсіпқой теннисшілер турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық Александр Бублик мықты қарсыласқа жолықты. Ол үлкен дулыға турнирінің үш дүркін жеңімпазы Энди Марреймен өзара мықтыны анықтады. Бір сағат 43 минутқа созылған кездесуде британиялық спортшы басым түсті. Қорытынды есеп: 7:6, 6:4. Енді Маррей әлемдік рейтингте 9-шы тұрған канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездесіп, ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, Бублик өткен аптада ғана Франциядағы АТР тунирін қатысып, финалда германиялық Александр Зверевті жеңді. Соның арқасында әлемдік рейтингтің 31 сатысына көтерілді.