Олимпиадада медаль саны жағынан Германия көш бастады

Олимпиадада медаль саны жағынан Германия көш бастады

Бүгін Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарының 6-күні де артта қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн санап Олимпиада ойындары тартысқа тола түсті. Медальға талас барысында көшбасшы елдер өздерінің мықтылығын дәлелдеп ғана қоймай, кейбір спорт түрлерінен рекордтар жасауда. Жалпы медальдар кестесі күн сайын жаңарып жатыр. Жүлде алған мемлекеттер саны да күн санап артуда.

Айталық, екі күннен бері Германия алтын медальдар жағынан ешкімге дес берер емес. Олардың қоржынында 6 алтын, 3 күміс жүлде бар. Екінші орында 5 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Норвегия құрамасы келе жатыр. Бүгін үшінші позицияға кеше ғана жалпы есепте 6-орында тұрған Австрия құрамасы көтерілді.

Медальдар көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Германия - 6 алтын, 3 күміс

2. Норвегия - 5 алтын, 3 күміс, 4 қола

3. Австрия - 4 алтын, 5 күміс, 4 қола

4. АҚШ - 4 алтын, 5 күміс, 1 қола

5. Нидерланд - 4 алтын, 3 күміс, 1 қола

6. Швеция - 4 алтын, 1 күміс, 2 қола

7. Қытай - 3 алтын, 3 күміс

8. Италия - 2 алтын, 4 күміс, 2 қола

9. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 6 қола

10. Словения - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 24-ке жетті. Оның ішінде 19 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 22 мемлекет күміс жүлде алды. Венгрия спортшылары 2 қола медаль жеңіп алса, Латвия мен Польша бір-бір «қоламен» соңғы орындарды өзара бөлісіп тұр.

Өкінішке орай, Қазақстан қоржыны әзірге бос.