Бейжің-2022: шорт-трек шеберлері жүлдеге ілігуі мүмкін

Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Бейжің төрінде жарақат алып не короновирус жұқтырып, жарыс жолынан шығып қалу жағдайлары жиіледі. Бұған қатысты допинг даулары да пайда болып жатыр. Бірақ, спортшыларымыз дін-аман. Барлығы жарыс кестесі бойынша бәсекеге араласып, медальға таласуда, Шорт-трек шеберлері жүлдеге ілігуі мүмкін. Жоқ дегенде, финалға шығып, бұрынғы көрсеткішін жақсарту керек. Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді. Оның шәкірттері бүгін 500 метрлік бәскеге қатысады. Бұл қашықтықта әлемдік аламанда топ жарып жүрген спортшылар бар. Әсіресе команда капитаны Абзал Әжіғалиевтен үміт зор. Қазір ол толық бабында және соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Бұған қоса, жарыс алаңына тағы қос спортшымыз шығады.

Айта кетейік, жуырда ғана Әділ  Ғалиахметов 1500 метрлік бәсекеде финалға өтіп, жалпы есепте 8 сатыға тұрақтады. Ал аралас эстафетада ұлттық құрама 5 орын алды. Қай-қайсы да отандық шорт-трек үшін тарихи жетістік болып саналады.

Е.ҚАНАҒАТОВ: КЕРЕМЕТ САРАЙЛАР ЕМЕС, ҚОЛАЙЛЫ БАЗАЛАР КЕРЕК

Бізге керемет сарайлар емес, жаттығуға қолайлы базалар қажет. ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов әлеуметтік желідегі сындарға қатысты осындай пікір білдірді. Оның ішінде шаңғышы Виталий Пухкало біздің әріптесімізге берген сұхбатында шетелдерге көп шығу керек, елде ондай жағдай жоқ деп мәлімдеген болатын. Оның алдында фристаил-акробатика шебері Жанбота Алдабергенова да Қазақстанда жаттығуға қолайлы жағдай жоқ. Сондықтан сыртта шынығамыз деді. Күні кеше шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі Әділ Ғалиахметов та елордадағы «Алау» мұз сарайының жарығы аз. Бұған қоса, мұзда жаттығуға аз уақыт беретін айтты. Енді олимпидалық комитет осының барлығына сараптама жасап, қысқы ойындардан кейін инфрақұрылым мәселесіне, оның ішінде спортшыларға өз елімізде қолайлы жағдай жасауға жіті көңіл бөлмек.

БЕЙЖІҢ-2022: ОЛИМПИАДА РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Олимпиада рекорды жаңарды. Нидерландылық Ирене Схаутен 5 мың метрге конькимен жүгіруден үздік көрсеткіш тіркеді. Ирене аталған аралықты 6 минут 43,51 секундта бағындырды. Бұған дейінгі рекорд германиялық Клаудии Пехштайнға тиесілі еді. Ирене мәреге шамамен 3 секунд ерте жетті. Сәйкесінше, 29 жастағы спортшы өз елінің қоржынына кезекті алтынды салды. Үздік үштікті Канада мен Чехия спортшылары түйіндеді. Айта кетейік, Ирене Схаутен Бейжің олимпиадасында осымен 2-ші рет рекорд жаңартып отыр. Осының алдында 3 мың метрлік бәсекеге қатысып, алдына жан салмап еді. Соның арқасында Бейжіңде 2 алтын медаль алған алғашқы спортшы атанды. Ал, ұлттық құрамадағы қыз-жігіттердің жолы болған жоқ. Ең негізгі үмітіміз Надежда Морозова 3 шақырымдық сында 13-ші сатыдан ғана табылды. Қалған нәтижелер, тіптен, төмен.