Бейжің-2022: Олимпиадада жарыстан кейін есінен танып қалған биатлоншы карьерасын аяқтады

Олимпиадада биатлоннан із қуалау жарысынан кейін есінен танып қалған норвегиялық Ингрид Тандревольд карьерасын аяқтады, деп хабарлайды «Р-Спорт».

Спортшы дәрігерлер денсаулығына байланысты жарысқа қатысуға тиым салғанан айтты. 

Еске салайық, пасьют жарысынан кейін Тандревольд есінен танып, құлап қалды. Содан соң оны дәрігерлер зембілмен алып кетті. 

Ол соңғы айту айлағынан кейін үшінші келе жатыр еді. Бірақ 14 болып аяқтады. Ал бұл жарыста оның отандасы Марте Олсбю-Ройселанн топ жарды. 

Айта кетейік, өткен жылдың қаңтар айында әлем кубогі кезеңінде де Тандревольд спринтерлік жарысты аяқтай алмаған болатын.