«Оңбай құлады»: Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасында жүлдеге іліге алмады

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалдық кезеңі аяқталды. Ақтық сында өнер көрсеткен Ақбота Қалмұрзаева жүлдеге іліге алмады.

Финалдық кезеңнің бірінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 4,028 қиындығымен жаттығуға тапсырыс берген. Дегенмен жаттығу барысында құлап, 52,36 ұпай алды. 

Ал екінші жаттығуда отандасымыз жарысты аяқтай алмай да қалды. Сөйтіп ол жүлдеге таласатын спортшылардың арасына қосыла алмады. 

Еске салайық, бұған дейін осы бағдарламада өнер көрсеткен Жанбота Алдабергенова финалға шыға алмай қалған еді.