Айдос Ербосынұлы кезекті жекпе-жекке дайындалып жатыр

Айдос Ербосынұлы дайындыққа кірісті. Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Давид Морреллмен жолығуы қажет.

Қазір қос тарап арасындағы келіссөздер басталды. Бұл жөнінде вести кз порталы хабарлайды.

Жекпе-жек кеші көктемде өтеді деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты Айдос қазір Шымкент қаласында жаттығуды бастады. Кейін Сүлеймен промоушн командасымен бірге Мәскеуде шеберлікті шыңдамақ.

Айта кетейік, Айдос бүгінге дейін 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Соның арқасында WBA чемпиондық белдігіне негізгі үміткер атанып отыр. Ал қарсыласы кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп, алтауында да жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында Америка төрінде өткізді.