Бейжің-2022: қысқы Олимпиададан қандай жаңалық

Бүгін Бейжің олимпиадасынан жағымды жаңалық келе қойған жоқ. Жарыс жолына шыққан екі спортшымыздың да нәтижесі көңіл қуантпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаңғымен қоссайыста Шығыс Рақпаров 48 үміткердің ішінен 43 сатыдан көрінді. Қазақстандық спортшы олимпиада чемпионы атанған Норвегиялық Йорген Граабактан оқ бойы қалып қойды. Ал фристайлдың акробатика түрінен Шерзод Хаширбаев та іріктеу кезеңінен аса алған жоқ. Жарыс қортындысы бойынша Шерзод 19 сатыға тұрақтады.

Шыңғыс Рақпаров, шаңғы қоссайысынан ұлттық құрама мүшесі:

– Жалпы жаман секірген жоқпын. Сәл ауырып қалдым. Содан сайысқа түсу оңайға соқпады. Қазақстандықтар шаңғы қоссайысынан олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр. Жағдайыма байланысты жарысу қиын болғанын да ескеру керек.

Шерзод Хаширбаев, фристайл акробатикадан ұлттық құрама мүшесі:

– Бұл менің алғашқы олимпиадам. Барымды салдым. Жанкүйерлерге мың алғыс.