Бейжің-2022: А.Қалмырзаева командалық сынға не үшін қатыспады

Ковид жұқтырып, жарысқа қатыспады. Бейжің олимпиадасында қазақстандық фристайлшылардың командалық сынға шықпауына байланысты ресми мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн брифинг барысында ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов оны ПТР-тесттің оң нәтижесімен түсіндірді. Яғни ұлттық құрама олимпиада алынды Финляндияда жаттықты. Қыздардың бірінен вирус анықталып, толық жазылғанша сол жерде қалған. Осылайша Ақмаржан Қалмырзаева қатарға кейін қосылды. Сәйкесінше, командалық сынға қатыспады деді Елсияр Қанағатов.

Айта кетейік, акробатика шеберлерінің командалық бәсекесі оныншы ақпанда өтті. Бірер күннен кейін жерлестеріміз жекелей сынға қатысып, тәуір нәтиже көрсетті. Әсіресе, сол Ақмаржан іріктеу сынында 98 ұпай жинады. Ал финалда 11 сатыға тұрақтады.

НҰРАЛЫ ӘЛІП «ЗЕНИТКЕ» АУЫСТЫ

Бұл туралы петерборлық клуб ресми түрде мәлімдеді. Оған сәйкес ресейлік тарап Нұралыны жыл соңына дейін жалға алған. Бұған қоса, алдағы уақытта қазақстандық футболшыны сатып алу құқығы да бар. Нұралы Зенит сапына бір ай бұрын қосылып, жаттығу жиындарына қатысты. Тіпті, екі жолдастық кездесуде алаңға шығып, екі рет мергендігімен көзге түсіп үлгерді. Айта кету керек, ол бұған дейін алматылық «Қайратта» болды. Өткен маусымда 25 ойын өткізіп, бір нәтижелі пасымен есте қалды. Бұған қоса, ол ұлттық құраманың 12 матчына қатысты. 22 жастағы Нұралының өзі бұл жағдайға қатысты қуанышын білдіріп,  әлеуметтік желідегі парақшасына «жаңа кезең, жаңа мақсат» деген жазба қалдырды.

ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ

Сметов пен Қырғызбаев Тель-Авивтегі турнирге қатысады. Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жаңа маусымды Израильдегі Grand Slamнен бастайды. Әлемдік аламан ертең басталады. Аталған жарысқа Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командасынан барлығы 25 спортшы татамиге шығады. Айта кетерлігі, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев  жаңа салмақта, яғни, 66 келіге дейінгілер арасында өнер көрсетеді. Байрақты бәсекенің өзі үш күнге созылады. Ал, оның жалпы қорытындысы жиырмасыншы ақпанда белгілі болады.

ГОЛОВКИН МЕН МУРАТА ҚАШАН КЕЗДЕСЕДІ?

Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірдің басында, яғни, 2-сі не 9-ы өтеді. Польшаның «RingPolska» басылымы осындай болжам жасап отыр. Қазақстандық боксшының өзі де бірер күн бұрын жаттығуға кіріскенін мәлімеді. «Командамен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Жапонияда өтетін жекпе жекке дайындықты бастадық» делінген әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында. Қос мықты арасындағы айқас желтоқсанда өтуі керек еді. Алайда, Жаонияда карантиндік тараптар күшейіп, кейінге қалдырылды. Алдағы кездесуде 3 бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынады. Яғни, Генадий Головкин қазір орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем үздігі. Ал, Рета Мурата WBA Super белдігінің иегері. Головкин бүгінге дейін 43 кездесу өткізіп, 41-інде жеңіске жетті. Ал, Муратаның көрсеткіші 18 жекпе-жек, 16 жеңіс.

БЕЙЖІҢ-2022: КЕЗЕКТІ ЖАРЫС КҮНІ

Сонымен кезекті жарыс күнінің қортындысы бойынша Норвегия құрамасы топ бастап тұр. Оның өкілдері 28 медаль жеңіп алды. 13-і алтын. Одан кейін өкшелеп Германия келеді. АҚШ пен Қытай да тізімнің бірінші сатысына шығуға дәмелі. Ал, ұлттық құрама қоржыны әзірге бос. Айта кетейік, Бейжіңдегі ойындар 20 ақпанға дейін жалғасады.