Қазақстандық гимнаст Мәскеудегі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен ересектер арасындағы халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға Қазақстан командасының өкілдері де қатысып, жасөспірімдер арасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша Милана Парфилова қола жүлдегер атанды.

Ересектер арасындағы бәсекеде Баян Қойбағар 4-і орын алса, Айбота Ертайқызы бестікке енді.